Сабақ жоспары «Бекітемін»



бет38/60
Дата22.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#109859
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
10-synyp-gumanitarly-bayt-arnalan-saba-zhosparlary

Сабақтың көрнекілігі: Macromedia Flash MX программасы, тапсырма карточкалары. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сөйлеу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: Macromedia Flash MX программасында жұмыс істеуді. Оқушылар меңгеруі тиіс: анимация құрудағы қабатпен жұмыс істеуді.
Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіруге кіріспе кезеңі

Теория
Флеш программасында фильм кұруда кабаттың аткаратын рөлі орасан зор. Қабат (Слой, Layer) - бұл кейбір өзіндік сипаттар орнатылған фильм сахнаның бір бөлігі. Эр қабат әртүрлі нысандарды ұсына алады.
Қабатта қолданылатын іс-эрекеттер, бұл фильмге әртүрлі нысандар орната отырып, қосындылармен жұмыс істеуге рұқсат береді жэне жоспарда күрделі көпжоспарлы фильм сахналарын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, қабаттың біріиде фильм оқиғасыиа байла- нысты фон орнатылса, екіншісінде нысаидардың қозғалысы орнатылады, ал үшіншісінде дыбыстық ілесулер қосыла алады.
Қарапайым режімде қабат қатпары мөлдір болатындықтан, барлық қабаттың нысан- дары біртүтас бір сахнаның элементтеріндей болып көрінеді.
Қабаттың кадрлары қатар-катар салынған, бір-бірімен қабаттасқан кинолента тү- рінде болады. Эр жаңа қүрылған фильмде эуел баста бір ғана қабат болады. Бірақ оны үлкейтуге жэне қабатта әртүрлі нысандар қойып, дыбыстық эффектілер салуға мүм­кіндік бар. Сондай-ақ бір қабаттағы нысанды басқа қабаттағы нысанға тиіспей өз- гертуге, редакторлауға болады. Қабаттағы нысан қойылмаған бос бөліктен, төменгі ретте орналасқан қабаттар анық көрінеді. Сендер қабаттарының орналасу тәртібін, он- дағы нысандарды да бір-біріне тәуелділігіне қарай редакторлай аласыңдар жэне қабатты жасыруға, құлыптауға да болады.
Сондай-ак кабаттың нысандарды кез келген траектория бойынша жылжыту, нысан­дарды жасыру сияқты арнайы эффектілері бар. Одан басқа, сурет салуға рұқсат беретін жэне редакңиялайтын немесе күрделі де қызықты эффект беретін (слой маска) арнаулы қызметтік (guidelayers) қабаттар қызмет етеді.
Сонымен қатарпроңедураларменэлементтердітезтабуға рұқсат ететінтүсініктемелері бар кадрлар үшін дыбыстық кұжат үшін арнайы жеке қабат құру ұсынылады.
Программада Help => Lessons => Layers (Анықтама => Сабақтар => Қабаттар) бұйрығы арқылы қабат туралы интерактивті мағлұмат ала аласыңдар.
Қабатты қүру
Жаңа қабат дәл сол уақыттағы ерекшеленіп тұрған қабаттан жоғары орналасады жэне автоматты түрде белсенді қабатқа айналады. Жаңа қабат құру үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
Timeline терезесінің төменгі жағында орналасқан AddLayer (Қабатты косу) батыр- масынан Insert => Layer (Қою => Қабат) бұйрығын орындаймыз.
Жұмыс барысында қажеттілігіне карай қабатты жасырып немесе көрсете аламыз. Эр қабаттағы нысандар контур сызығының түсімен ерекшеленеді, сол түстер арқылы нысанның қай қабатқа тиесілі екенін білеміз.
Қабаттағы нысанды жасыру үшін Eye (Көз) бағанына шертеміз, қайтадан көрсету үшін де, Eye (Көз) бағанына шертеміз.
Қабатты құлыптау үшін құлып белгісіне, контурды ерекшелеу үшін контур белгісіне басамыз. Егер қабаттағы контур түсін өзгерткіміз келсе, керекті қабатқа тінтуірдің оң жак батырмасын шертіп, шыққан мәзірден Properties (Қасиет) бұйрығын таңдаймыз. Қабат қасиет терезесінен Outline Color-ға (Контур түрі) шертіп, таңдаған түсімізді белгілейміз де, ОК батырмасын шертеміз.
Қабаттың биіктігін де өзгерте аламыз. Ол үшін тағы да қабаттың қасиет терезесін ашамыз да, LayerProperties (Қабат қасиеті) => LayerHeight (Қабат биіктігі) бұйрығы арқылы биіктік өлшемін орнатамыз, ОК батырмасын шертеміз.
Қабаттардың орнын ауыстыру үшін қабатты тінтуірдің сол жақ батырмасымен ұстап аламыз да, керекті орынға сүйреп апарамыз.

  1. Бекіту кезеңі

1 тэжірибелік жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет