Сабақ жоспары «Бекітемін»



бет50/60
Дата22.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#109859
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
10-synyp-gumanitarly-bayt-arnalan-saba-zhosparlary

Оқушылар білуі тиіс: ісқағаздардың түрлері туралы.
Оқушылар меңгеруі тиіс: ісқағаздарын жүргізуде күрделі құжаттарды құруды және рэсімдеуді.
Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Теория
Біз омір сүретін қоғамның кез келген саласында ісқағаздары маңызды рол атқарады. Адам баласы дүниеге келген сэттен бастап бүкіл өмірі құжатпен байланыс- ты. Эрине кез келген ғылым саласы сияқты ісқағаздарын жүргізудің озіндік жүйесі, ережесі, тэртібі болады және ісқағаздарын жүргізудің барлық салаға тән ерекшелігі оның әмбебап қүжат екенін білдіреді. ісқағаздарын жүргізуді кез келген адам толықгай сауатты меңгеруі тиіс.
ісқағаздары - басқару қызметіндегі негізгі бір салалардың бірі. ісқағаздарын жүргізу - басқару үдерісінің ажырамас болігінің бірі, яғни, мемлекеттік стандарттарға сәйкес қүжаттар мен ісқағаздарын жасау және орындалу мерзімдерін бақылау, қүжаттардың жүру барысына жағдай жасап, орындалған құжаттарды іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жедел- хат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады.
Құжаттау дегеніміз - кез келген мекеменің кызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру.
Қазақтың ресми-іскерлік тілін ұштау, түрлендіріп дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отырған бүгінгі күні ісқағаздарын қазақша жүргізу мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты корсеткіші.
ісқағаздары пәнінің міндеті: ісқағаздарьш қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметгік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғьшіартгарының бірі екендігін үғындыру. ісқағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту. Оның тарих, саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын корсету.
ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің өзектілігі: қазақ ресми ісқагаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық
тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми ісқағаздар тілдің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады. Бірі - сонау көне дэуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары жэне басқа да ресми қүжат үлгілері. Екіншісі - қазақ жерінің Ресейдің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс экімшілік орындарының бұйрык-жарлықтары, заңдары, қатынас қағаздары.
ісцагаздардың түрлері:
Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздар (өмірбаян, түйіндеме, жеке іспарағы, визит- кард, өтініш, арыз);
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ісқағаздар (мінездеме, нүсқау, кепілдеме, ресми хаттар, кеден мағлұмдамасы, хаттама, жеделхат, жарнама, қолхат, хабарлан- дыру, сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі);
Басқару, өкім шығаруға қатысты ісқағаздар (Заң, үкім, өкім, жарғы, жарлық, ереже, хабарлама, бүйрық);
Өтініш. Жалпы өтініштердің түрлері сан алуан. Мазмүны бойынша эр қилы болғанымен, мақсаты бойынша бір. Жұмысқа алу, жүмыстан босату, кезекті еңбек де- малысы, оқуға байланысты демалыс, жалақы сакталмайтын демалыс, декреттік дема- лыс секілді демалыстарға байланысты, жеке жэне отбасылық жағдайларға байланыс­ты жүмыстан сүрану жайлы өтініш жазуға болады. Өтініш А4 форматты таза қағазға өтініш сүраған адамның өз қолымен жазылуы тиіс. Қағаздың жоғарғы оң жақ бүрышына «шапочка» немесе мекеменің атауы жэне мекеме бастығы (өтініш кімнен сүралса, сол тұлғаның аты жөні, лауазымы, кей уақыттары дэрежесі (доктор, кандидат, т.с.с.) атына жазылады. Өтініш кімнен (аты-жөні жэне лауазымы) екені жайлы жазып кету керек.
Түйіндеме. Негізі түйіндеменің басты максаты жүмысқа түрушының жүмысқа қабылдаушыға өзі жайлы мейлінше нақты жэне толық акпарат беру. Жүмыс түріне қарай түйіндеме де эркелкі болуы мүмкін. Әдетте, мемлекеттік мекемелерге белгілі бір стандарттарға сэйкес түйіндеме беру керек. Ол қысқа да нүсқа, маңызды деген ақпарат белгіленген, кейде сурет пен мақтау қағаздары, сертификаттар, үсыным хаттарымен коса жүреді. Түйіндемеге қарап жүмысқа қабылдаушы жүмыскер жайлы ой түйеді. Сауат- ты, қатесіз, үқыпты толтырылған түйіндеме кей уақыттары жүмысқа қабылдау жайлы шешімнің соңғы нүктесі болуы мүмкін.
Мінездеме. Мінездеме - мекеме, өндіріс, ұйым басшыларының тарапынан жеке адамға берілетін ресми күжат. Мүнда үжым мүшесінің болмысы мен жүмысы, қоғамдық іс-эрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездемеде күжат берілетін адамның толық аты- жөні, туған жылы жазылып, оның іскерлік (жүмысқа, оқуға қабілеті, мекеменің қоғамдық өміріне қатысы жэне т.б.), моральдік қасиеттері жан-жақты көрсетіледі. Сонымен бірге, ол адамның бойындағы кемшіліктер де аталуға тиіс. Мінездеме нақты, объективті, дэл жэне толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме (сот, прокуратура) сүраған жағдайда, оқуға, аспирантураға, магистратураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кэсіби біліктілігін көрсету мақсатында беріледі.
Мінездемеде көрсетілетін міндетті мэліметтер:
1. Жеке адам туралы неғізгі мэліметтер:

  • аты-жөні;

  • үлты;

  • эскери қызметке қатысы;

  • отбасы жағдайы;

  • білімі;

  • лауазымы;

  • туған жылы;

  • туған жері;

  • азаматтығы;

  1. Қызмет істеген орны, атқарған жылдары.

  2. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатынасы.

  3. Мінездеменің берілген орны.

  4. Мекеме басшысының қолы.

  5. Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы), мекеменің мөрі.

Сенімхат. Сенімхат - белгілі, дэлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтын- дай жағдайда нақты іс-эрекеттің (пэтерді сату немесе сатып алу, зейнетақыны неме- се жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Сонымен қатар сенімхат мекеменің атынан бір адамға тапсырманы орындау немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының түрі. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкіге жазылады да мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, жеке куэлігінің нөмірі коса жазылып, қолы қойылады. Томенгі жағына мекеме басшысы немесе нота­риус сенімхат иесінің қолын растап, мор басады.
Қолхат. Қолхат - белгілі бір қүндылықтардың (қүжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куэландыратын ресми қүжаттың бір түрі. Мазмұны мен қүрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне үқсас.
Хаттама. Хаттама - мекеменің, ұйымның, кэсіпорынның жиналысы мен мэжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толык жазатын) үйымдастырушы-окімшіл ресми қүжат. Белгілі бір фактіні куэландыратын қүжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хатгамасы). Қоғамдық тэртіптің бүзылғаны туралы факт тіркелетін ресми қүжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам жэне хаттаманы жазған адам қол қояды, мор басылады. Хаттамада корсетілетін міндетті мэліметтер:

  1. Мекеменің, үйымның, кэсіпорынның атауы.

  2. Құжаттың аты (хаттама).

  3. Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмірі.

  4. Жиналыс (мэжіліс) өткен орын.

  5. Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.

  6. Қатысқандар туралы мэлімет (саны, аты-жөні, лауазымы).

  7. Күн тэртібі.

  8. Төраганың жэне хатшының қолы.

ісқағаздарының көп тараған бір түрі - қызметтік хаттар. Мекемелерде қызмет бабындағы жиі жазылатын бүл хат көптеген мекемелерді өзара байланыстыруда ерек- ше рөл атқарады. Мүндай хаттар арқылы мекемелер арасында келіссөздер жүргізіледі. Хаттардың мазмүны мен түрлері ғылым мен техникаға, экономика мен алыс-беріс, мэлімет беру жэне анықтамалық сипатта да жазылады. Қызметтік хаттың қалыптасқан тэртібі бар. Ол эр кез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден түрады:

  1. Тақырыбы

  2. Мерзімі

  3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні

Кіріспе сөз

  1. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлік

  2. Негізгі мэтін

  3. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сөздер

  4. Жіберушінің қолы

  5. Қосымша (приложение) берілетін болса, оған сілтеме

  6. Қосымша (приложение)

  7. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мэлімет

  8. Постскриптум (хаттың аяқ жағына кол қойғаннан кейін - P.S. таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер.

Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мэселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар:
а) ресми хаттар э) жеке хаттар
б) ұсыныс, кепілдемелік (рекомендациялық) хаттар
в) сұрау салу хаттары
г) шағым хаттар
д) жолдама хаттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет