Тақырыптық сайт дегеніміз - қандай да бір арнаулы аудиторияға жэне сол саладағы қызметке кеңінен, мақсатты түрде бағытталып жасалған сайт. Сайт тақырыптары: спорт, сұлулық элемі, кафе немесе басқадай да болуы мүмкін. Тақырыптық сайттар біртипті ақпараттан да түруы мүмкін, сондықтан да ондай сайтқа ерекше дизайн беру керек. Тақырыптық сайттарды жасауда қолданушыларға тек қана ақпарат үсынып қой- май, сонымен қатар қандай да бір қызмет түрін жарнамалайтын жарнама бөлімдері де қамтылады.
Тақырыптық сайт негізгі беттен, функңионалдық блоктар мен бөлімдерден тұрады. Негізгі блоктарды атап көрсететін болсақ:
Басқы бет. Бүл бетте компания қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат беріледі.
Сайт туралы. Мұнда қолданушылар үшін компанияның ресурстары туралы ақпарат беріледі.
Макала бөлімі. Сайт иесінің көзқарасына қарай кез келген макала түрлері жарияланады.
Қонақ кітабы. Сайт қолданушыларының немесе компания өнімдеріне пікір қалдыруға болатын бөлім.
Сайт картасы. Сайттың барлық бөлімдері көрсетілетін бет.
Вакансия. Компания вакансияларын жариялайтын бет.
Кері байланыс. Сайт иесіне хат жіберуге болатын форма.
Жаңалықтар. Компания жаңалықтарын жариялайтын бөлім.
Сайт күрылымыдегеніміз - сайттың барлық элементтерінің (ақпараттық бөлімдер мен олардың бөлімдерін коса алғанда) ағаш тэрізді иерархиялық көрінісі. Басқаша айтқанда, мэтіндік жэне графиктік ақпаратпен толықтырылатын web-pecypc базасы.
Web-ресурстардың көпшілігі блоктар принңипімен қүрастырылады. Яғни, жоғары жағында тақырыбы, сол жағында мэзір, оң жағында жарнама блоктары, ортасында ақпарат, ал төменгі жағында «Копирайт - барлық құқықтар қорғалған» сөзі жазылады. Сайттың қүрылымын қажетімізге қарай өзгертуімізге де болады.
Сайтымызға Gif анимацияны орналастырудың кэдімгі анимациясыз gif қүжатты орна- ластырудан еш айырмашылығы жоқ. Ол тегі арқылы іске асады. Gif анимаңияның ерекшеліктерін өткен тараудан оқып білгенсіңдер.
Сонымен, сайтымызды қүрмас бүрын, оның нақты анықталған қүрылымын анықтап, бөлімдерге қойылатын аттарды, эр бөлімге қысқаша мінездеме ойластыруымыз керек.
Мысалы, үй жануарлары туралы сайт құратын болсақ, ондағы бөлімдер «тотықүс», «балықтар», «мысьщтар», «иттер» такырыбында болса, «ит» бөлімінің шағын бөлімдерін «иттерді бағу», «иттерді тамақтандыру», «итті үйрету» тақырыбымен жасауға болады.
Бекіту кезеңі
HTML тілінің визуалды редакторы SharePoint Designer редакторы арқылы қарапайым «жануарлар» тақырыптық сайтын жасаймыз.
Редакторды ашамыз.
Сайт қүрылымының каркасын кесте үлгілері арқылы қүрып аламыз.
Мэзір қатарын ойластырамыз.
Эр бөлімге ақпарат дайындаймыз.
Қорытынды кезең
Сайт қүрылымы дегеніміз не?
Сайт қүрылымы қандай бөлімдерден тұрады?
Тақырыптық сайт деген не?
Web-параққа баннерді қалай орналастырамыз?
Сабақтан не үйрендік? Не білдік?
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып келу.
Сайт бөлімдеріне қойылатын қосымша материалдар дайындап экелу.
Бағалау кезеңі
Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты оқушыларға бағалар қойылады.