Ресми хаттар.Белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мэселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады жэне қызметтен тыс мэселені қозғамайды.
Қызметтік жеке хаттар.Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мэселе өрісінің кендігі жэне қызметтен тыс мэселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мэселелер, адамның оз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мэселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
Үсыныс хаттар.Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тэн құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.
Сүраныс хаттары.Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауап- ты адамы қол қояды.
Шагым хаттар.Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-эрекетін корсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда корсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хат.Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жонелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.