42-сурет. Роликке керек суреттер Роликті сақтаймыз. Қажетімізге қарай экспорттаймыз.
Баннерді клиенттерді тарту үшін немесе позитивті имиджді қалыптастыру үшін қолданады. Ғаламтордағы алғашқы баннер 1994 жылы шықты. Содан бері баннердің әртүрлі түрлері пайда болды. Баннер функционалдық қызметіне қарай статикалық, динамикалық жэне белсенді болып бөлінеді.
Сайт иесі өз сайтының жеке баннерін жасауы арқылы өз сайтының келбетін көрсетеді. Сонымен қатар баннерді тек жарнама ретінде ғана емес, сонымен қатар сілтеме ретінде де пайдаланады, яғни сол баннерге тінтуірмен шерткен кезде ғаламтор қолданушысы сендердің сайттарыңа келіп түседі. Баннерді дайындауда қолданылатын стандартты өлшемдері:
100x100 пиксель баннері - бұл ғаламтор жарнамаларын- да кеңінен қолданылады;
Ескере кететін жайт, ол баннердің өлшемі 15 Кб-тан аспауы тиіс, бірақ бұл өлшемді flash форматындағы баннерге қолдану күрделірек тиеді.
Бекіту кезеңі
Математика, Физика, Қазақ тілі пэндеріне арналған анимациялық ролик жасаңдар.
«Ас - адамның арқауы» тақырыбына анимациялық ролик жасаңдар.
«Алтын үя мектебім» тақырыбында анимациялы баннер жасаңдар.
«Кеңсе тауарлары» тақырыбында жарнамалық анимациялық баннер жасаңдар.
Қорытынды кезең
Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Баннер дегеніміз не?
Ролик деген не?
Анимациялық ролик пен баннер жасауда қандай технологиялар қолданылады?
Үйге тапсырма
Такырыпты оқып келу.
Өз шығармашылықтарыңмен бір ролик жасап келу.
Бағалау кезеңі
Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты оқушыларға бағалар қойылады