Сабақ жоспары Бөлім: 1-бөлім. Көне күндерден жеткен жәдігерлер



бет1/3
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146274
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
26.09. 7-сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

1-бөлім. Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Педагогтің аты-жөні

Нұрғалиева Қ

Күні:

26.09.2024 жыл

Сынып: 7

Қатысушылар саны: 13

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Күлтегін» жыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
7.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Сабақтың мақсаты

- Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды
- Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс,) қолданысын талдау жасайды

Құндылық

Тақырып арқылы басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру,елжандылыққа баулу



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу
Қызығушылықты ояту
Сұрақ
Мына суреттен нені көрдіңдер?
Олар жайлы не білесіңдер?
Тарих бетінен алатын орны бар ма? Неге?

Сабақтың тақырыбымен , оқу мақсатымен таныстырамын.
Суреттер бойынша топқа бөлу



Суреттерге қарап ,олар жайлы не білетіндерін ортаға салады. Бір-бірімен ақпарат алмасады.
Білім алушылар суреттер бойынша топқа бөлінеді



Дескриптор
- білетіндерін ортаға салады.
- ақпарат алмасады.

Суреттер
Кеспелер
Оқулық
«Арман ПВ» 2017 ж

Сабақтың ортасы
25 мин



Тыңдалым
«Түртіп алу» әдісі
https://www.youtube.com/watch?v=dE46jWbdDZI
Жеке жұмыс
1-тапсырма . «Тізбектей оқу әдісі» әдісі.
1 балл

2-тапсырма . Жұптық жұмыс 2 балл


Шығарманың композициялық құрылымын ажыратыңыз.
Шығарманың басталуы....
Шығарманың дамуы...
Шығарманың шиеленісуі...
Шарықтау шегі...
Шығарманың шешімі...

  1. Түркілердің мекені

  2. Білікті басшы- Білге

  3. «Дауыл өшті, жел қайтты, өрісімді ұлғайттым».

  4. Ел қорғаудағы ерлік істер.

  5. Ат-ер қанаты.

  6. «Көрмек бар да-көнбек бар, Тумақ бар да-өлмек бар».

3-тапсырма. Топтық жұмыс 2 балл


Шығармадағы кейіпкерлер тұлғасын гуманистік тұрғыдан талдаңдар.
Білге:____________
Күлтегін:_________
Тоныкөк:__________

Тапсырма 4


Кері байланыс: Тест 5 балл
Тест тапсырмаларынан жауап алу.
1. Руна жазуын алғаш тапқан кім?
А) В.Томсен
Б) М.Кастрен
В) А.Ремюза
2. Орхон-Енисей жазбалары қай дәуірлердің жазбасы?
А) алтай дәуірі
Б) Ғұн дәуірі
В) Ежелгі Дәуір
3. Күлтегін кім?
А) Ел билеген қаған
Б) Қолбасшы батыр
В) Заң шығарушы
4. Күлтегін қай жылы қайтыс болған?
А) 728 ж
Б) 731 ж
В) 698 ж
5. Тоныкөк кім?
А) Батыр
Б) Ел басқарған
В) ерлік пен елдігін тасқа қашап жазған жырау

Оқушыларға аудио тыңдату, қажетті ақпараттарды жазып алып отырады.

Оқушылар үзіндіні жекелей оқып, мазмұнын талқылайды.


Оқушылар сынып болып шығарманың композициялық құрылымын анықтайды және өздері оқыған бөлімнен троптың түрлерін табады
Оқушылар шығармадағы кейіпкерлер тұлғасын талдайды

Ықтимал жауап:


Білге:
Елдің мұңы, жердің қамы үшiн күрескен ұлы тұлға. «Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Төрт бұрыштағы халықты  
Бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым» деген жыр жолдарымен берілген
Күлтегін:
Жастайынан халық қамын ойлап, өзінің ерлік бейнесімен халық құрметіне бөленген батыр. Жырда:
«Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым.
Тату елге жақсылық қылдым» деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады.
Тоныкөк:
Тоныкөк (Тонұқық, 646-741) – Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артына өшпес із қалдырып, ақыл-парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып, ел-жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөк – бірегей тұлға.
Оқушылар тест сұрақтарына жаауап береді

1-10 балдық жүйесі


Дескриптор
-Шығарманы мазмұндайды
-Ойын жүйелі, түсінікті жеткізеді

1-10 балдық жүйесі


Дескриптор:
Кейіпкерлер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды.

1-10 балдық жүйесі


Дескриптор
- шығарманың композициялық құрылымын ажыратады
Мұғалімнің бағалауы
Кері байланыс

1-10 балдық жүйесі


Мұғалімнің бағалауы
Кері байланыс

https://www.youtube.com/watch?v=dE46jWbdDZI



Сабақтың соңы
8 мин

Рефлексия: «Бес саусақ»
Үйге тапсырма: «Күлтегін» жырын оқу



Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді

Оқушылардың тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай ФБ қойылады






Білге қаған Күлтегін Тоныкөк


Білге қаған Күлтегін Тоныкөк



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет