Дескриптор: Жалпы:3балл – прозалық шығарманы тыңдайды;
– үзінді бойынша қандай мәселе көтерілгенін айтады;
– негізгі ойды анықтайды.
Айтылым. 2-тапсырма. «Кезбе тілші» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға сұрақтар береді.
1.«Қарағанды » романы жайында не білесіңдер?
2.Шахтадағы еңбек өнімінің артуына не себеп болды?
3.Қарағанды шахтасында жұмысшылар қандай қиындықтарды бастарынан өткізді?
4.Қарағанды көмірін кімдер пайдаланды?
5.Шығарманың басты идеясы неде?
Дескриптор: Жалпы:5балл – прозалық шығарманы тыңдайды;
– үзінді бойынша сұрақтарға жауап береді;
– шығарманың идеясын анықтайды.
Тыңдалым.Жазылым 3-тапсырма. т«Эйлер дөңгелектері» әдісі арқылы тыңдалған мәтін бойынша шығармада көтерілген мәселені жалпыадамзаттық мәселемен байланыстырыңдар.
ас3333ы
Дескриптор:
Жалпы:3балл – прозалық шығармада көтерілген жалпы адамзаттық мәселені анықтайды;
– шығармада көтерілген мәселені ашатын мақал-мәтелдер айтады;
– қорытынды жасайды.
Тілдік бағдар. Жазылым. 4-тапсырма. Көп нүктенің орнына көптік жалғауының тиісті қосымшаларын қойып, мәтінді көшіріп жазыңдар. -Сіз орыс бай... ында да істедіңіз бе?
-Мен ағылшын... тұсында істедім.Тәти Қарағанды көмірін орыс бай...на, ал олар ағылшын бай...ына сатса, ағылшын...жұмысшыны подряшік...арқылы жалдады.Электр қуатын жасағанша , осылай амалдап тұрармыз.Өте қиын жағдайда істеуге тура келеді, жолдас.... Қиындық....ды жеңу үшін коммунис... алда болуы, көпке үлгі көрсетуі керек.
Дескриптор: Жалпы:2балл – көптік жалғауының қосымшаларын біледі;
–көптік жалғауларын дұрыс қолданып,мәтінді көшіріп жазады.
Жеке жұмыс. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға «Шындық, жалған» әдісіарқылы тапсырма беріледі.Оқулықтағы мәліметтерді оқып шығып, шын және жалған ақпараттарды анықтаңдар.