1.Сәлемдесу, сабаққа дайындық. 2.«Жүректі тазарту» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл-күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл-күймен сабақ басталады.
3.Үй тапсырмасын тексеру: Мұғалім оқушыларға алдын ала ғаламтордан көмір, көмір өндіретін кен орындары және автор туралы мәліметтер тауып келуін тапсырады. Оқушылар кез келген суретті таңдап, сол суретке қарап өздерінің оқып келген мәліметтерін айтады.
Қызығушылықты ояту.
Балалар, Қазақстанда қандай көмір өндіретін кен орындары бар?
Қазақстан көмір қоры бойынша нешінші орынды иеленеді?
Ғ.Мұстафин кім және оның қандай шығармаларын білесіңдер?
Сабақтағы шығарманың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?