1-мысал. 50 г калий селитрасы 250 г суда ерітілген. Алынған ерітіндінің массалық үлесі қандай болады?
Шешуі. Бұл мысалды бірнеше тәсілмен шығаруға болады.
1-тәсіл. Мектеп тәжірибесінде және химия оқу құралдарында пропорция құру тәсілі жиі пайдаланылады. Ол үшін алдымен ерітіндінің жалпы массасы анықталады:
50 г KNO3 250 г H2O 300 г ерітінді.
Сонан соң пропорция құру арқылы ерітіндінің 100 г қанша еріген зат бар екені табылады:
300 г ерітіндіде 50 г еріген зат бар,
100 г ерітіндіде х г зат бар;
бұдан
Демек, ерітіндінің массалық үлесі – 16,7 %.
2-тәсіл. Ерітіндінің жалпы массасын табамыз:
50 г + 250 г = 300 г.
Салмақ ерітінділерінің концентрациясы еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасын көрсететін болғандықтан, осы қатынасты табамыз:
=
Процентпен көрсету үшін бұл қатынасты 100-ге көбейтеміз:
Достарыңызбен бөлісу: |