3-мысал. 250 миллилитрінде 8 г натрий гидроксиді бар ерітіндінің мольдік концентрациясы қандай?
Шешуі. Ерітіндінің кӛлемі және еріген заттың массасы берілген. Ерітіндінің мольдік концентрациясын екі тәсілмен анықтауға болады.
1-тәсіл. Ерітіндінің 1 л болатын натрий гидроксидінің массасын табамыз:
250 мл _____ 8 г,
1000 мл _____ х г;
бұдан г
Натрий гидроксидінің молекулалық массасы – 40 г. Оның берілген ерітіндідегі моль саны г-моль. Демек, ерітіндінің мольдік концентрациясы -0,8 М.
2-тәсіл. Дайын формуланы пайдалану. Ерітіндінің кӛлемі миллилитрмен берілгенде мольдік концентрацияны табу формуласы:
4-мысал. Күкірт қышқылының 2 л ерітіндісінде 245 г еріген заты бар. Осы ерітіндінің нормальдық концентрациясы қандай?
Шешуі. 1-тәсіл. Ерітіндінің 1 л болатын қышқылдың массасын табамыз:
245 г : 2 = 122,5 г.
Күкірт қышқылының эквиваленттік молярлық массасы - 49г. 1 литрінде болатын қышқылдың грамм санын оның экиваленттік молярлық массасына бӛліп, ерітіндінің нормальдылығын табамыз:
2-тәсіл. Дайын формуланы пайдалану:
5-мысал. Натрий гидроксидінің 0,5 н ерітіндісінің титрі қандай?
Шешуі. 1л 0,5 н ерітіндідегі натрий гидроксидінің массасын табамыз: натрий гидроксидінің эквиваленттік молярлық массасы Бұл ерітіндінің 1 миллилитрінде одан 1000 есе аз натрий гидроксиді бар, яғни, ерітіндінің титрі: