Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.
Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».
Деңгейлік тапсырмалар (… ұпайға дейін):
І-ші деңгей:
Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері: еріткіштің бу қысымының төмендеуі, криоскопия, эбуллиоскопия, осмос.
Күшті және әлсіз электролиттер. Электролиттердің нақты және жорамал диссоциациялану дәрежесі. Диссоциациялану константасы. Сұйылту заңы.
ІІ-ші деңгей:
1,4 л көлемінде 22,5 г қанты (М= 342) бар ерітіндінің 220С осмостық қысымын есептеңіз.
Глицериннің (М= 92) 2,3% ерітіндісінің қайнау және қату температурасын есептеңіз.
Қанттың судағы ерітіндісінің қайнау температурасы 0,3120С жоғарылайды, осы ерітіндінің қату температурасының төмендеуін есептеңіз
ІІІ-ші деңгей:
H2SO4 10 мл 15% ерітіндісін (ρ = 1,10 г/мл) дайындау үшін 96% -ті күкірт қышқылының (ρ = 1,84 г/мл) және судың қандай массасын алу қажет. 70
250 г 10 % қышқыл ерітіндісіне осы қышқылдың концентрациясы белгісіз 500 г ерітіндісі қосылып, 25 % ерітіңді алынды. Қосылған ерітіндінің концентрациясын анықтаңыз.
Na2CO3 10 % ерітіндісінің 200 г. алу үшін Na2CO3 5% ерітіндісінің және Na2CO3* 10H2O кристаллогидратының қандай массасын алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |