1. (Барлық білім алушылардың үй жұмысын орындау дұрыстығы мен түсінуін тексереді.Тексере отырып қателіктерін түзетеді).
2. «Cұрақ-жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту
Өткен тақырып бойынша оқытушының сұрақтарына жауап береді.
Тақта,
Оқулық, сызба құралдары
Өзіндік жұмыстарға дайындау:
(5 мин.)
Гидравликалық машиналар — механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданылатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар, гидравликалық қозғалтқыштар, гидравликалық берілістер, гидравликалық қозғауыштар болып сараланады.
Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады.
Дидактикалық материалдар, Есмуханов Ж. Учебник черчения для казахстанских школ. 2000
Өзіндік жұмысты орындау:
(10 мин.)
Жолақтық сорғыш клапанның /6.3 сурет, б/ “ерінде” буды өткізетін ұзынша оймалар қарастырылған, оймалар таспа пішіндес, серпімді жұқа қатпарлармен 3 жабылады. Қысым айырмасының әсерінен қатпарлар тетіктер 2 жаққа қарай майысып, буды өткізетін ұщынша саңылаулар қалдырады. Екі жақтағы қысымдар теңескенде серпімді қатпарлар 3 бастапқы қалпына келеді: “ерге” отырып, клапанды жабады.
Дөңгелек қатпарлы клапандар тоңазытқыш агенттің буын айдауға арналған. Оларды арнайы клапандық тақтайшаға 1 орнатады. Қатпарлар “ерге” орнатылуы үшін тақтайшаға 1 ойма 2 жасалған. Клапанды қатпар “ерге” бағыттаушы стаканда 5 орналасқан серіппемен 4 қысылады. Буферлік серіппе 6 гидравликалық соққы әсерінен сұйық тоңазыту агенті немесе артылған май цилиндрге құйылып, авария болдырмауға арналған. Жұмысшы және буферлік серіппелер ортақ төлкемен 7 байланысады. Цилиндрде сығылған бу қысымы клапандық қатпар үстіндегі қысымнан асып кеткенде, қлапандық серіппені қыса отырып қатпар көтеріліп, будың өту жолын ашады. Бу компрессордың айдау жолына клапандық тақтайшадағы 1 тесіккөздер мен стакандағы тіліктер 5 арқылы өтеді. Клапандық серіппенің серпім күші әсерінен клапан жабылады.
Студенттер жаңа материалды мұқият тыңдайды, конспектілейді.
Сызба құралдары, плакат, тақта, оқулық
Алған білімді бекіту
(10 мин)
Гидравлика дегеніміз не?
Гидравликалық машина дегенімізді қалай түсінесіңдер?