Сабақ жоспары Күні-айы: ­­­­ Топ: I мамандығы



бет3/3
Дата22.09.2023
өлшемі102,84 Kb.
#109882
түріСабақ
1   2   3
Техника қауіпсіздігі
Жарықтандырғыштарды монтаждау кезінде қауіпсіздікке көңіл бөлу, электр қолдану ережесін сақтау. Өндірістік оқу шеберінің басшылығына бағыну, тәртіп сақтап, руқсатсыз әрекет жасамау. Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
2.4. Студенттердің өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және студенттердің жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

  1. Кабельдер қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Күштік кабельдер не үшін арналған?

  3. Кабельдер немен қапталған?

  4. Күштік кабельдеріне не жатады?

2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Студенттерге тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Студенттердің оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу
(180 минут).
3.1. Студенттердің өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

  1. Шамның, оталдырғыштың құрылысымен танысу. Авометрдің көмегімен дросельдің және конденсатордың жұмысың тексеру.

  2. Жарықтандырғышты бекітіп, шамды қоңдыру, оталдырғышты қосу. Сұлбаға сәйкес тізбекті жинау.

  3. Жинақталған сұлбаны өндіріс оқытушы тексерген соң, шамды торапқа қосу. Шамды сындырып немесе сынапты шашыратып алмау үшін өте ұқыпты жұмыс істеу керек.

3.2 Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

  1. Жарықтандырғыштың корпусы немен жабдықталған?

  2. Жарықтандырғыштарды орнатуға арналған конструкциялық элементтер?

  3. Жалпы жарықтандыру үшін оқу мекемелеріңде қандай жарықтандырғыштар бар және олар не үшін қолданылады?

  4. Жарықтандыруды есептеуге арналған негізгі формуланы жазыңыз?

3.3. Ағымдағы нұсқау:

  1. Жұмыс орнын дайындауды бақылау.

  2. Шамды торапқа қосу кезінде жарақат алып қалмауын бақылау.

  3. Еңбек тәсілдерін, орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру.

  4. Жұмыс ретінің сақталуын қадағалау.

4. Қорытынды нұсқау (45 мин):
4.1. Сабақты қорытындылау.
4.2. Жіберілген қателерді талдау.
4.3. Студенттердің жұмысын бағалау және оны түсіндіру.
4.4. Үй тапсырмасы: Монтаждаудың суреттерін салу
5. Жұмыс орнын жинастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет