Сабақ жоспары Күні-айы: ­­­­ Топ: I мамандығы



бет1/3
Дата22.09.2023
өлшемі102,84 Kb.
#109882
түріСабақ
  1   2   3



Сабақ жоспары


Күні-айы: ­­­­_________________ Топ: I
Мамандығы: 1504000 - фермер шаруашылығы.
Біліктілігі: 1504092 – Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.
Бөлімнің тақырыбы: Шамдар және бекіту, орнату бұйымдарын монтаждау технологиясы.
Сабақтың тақырыбы: Жарық көздері. Жарықтандыру қондырғыларының құрылысы және жіктелуі, оларды монтаждау технологиясы.
Сабақтың мақсаттары:

  • білімділік: Студенттерге жарықтандыру қондырғыларының құрылысы және жіктелуі, оларды монтаждау технологиясын үйрету .

  • дамытушылық: Студенттерге жарық коздері туралы мағлұмат беріп, монтаждау технологиясын үйрету.

  • тәрбиелік: Студенттерді дербес ой жүгіртуге, өз мамандықтарына қатысты құрылығыларды зерттеп, зерделей білуді үйрету.

Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.
Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).
Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс: Физика: Кернеу және ток көзі,
Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: сауытсыз сымдармен кабельдерді бекітуге арналған тұтқалар, күштік тарату пункітінің сұлбасы, қағаз және сызба құралдары, инструктивті технологиялық нұсқау картасы.
Өткізілетін орны: №6 ауылшаруашылығын электрмен жабдықтау зертханасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Студенттерді түгендеу;
1.3. Студенттердің оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау: (42 мин)
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Студенттердің теориялық сабақтарда және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:

  1. Электр тартылымы дегеніміз не?

  2. Күштік тораптар үшін өндірістік тартылымдарға жататын түрлерін атаңыз.

  3. Өндірістік орындарда механикалық зақымдалудан қроғау үшін электр тартылымдарын қолдану барысында қандай материалдар қолданған дұрыс?

  4. Тартылымдарды монтаждау қандай жұмыстардан тұрады?

  5. Монтаждау жұмыстары неше сатыдан тұрады?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет