Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: оқшау сөздер, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөз т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті тіркестер:сән әлемі, сұлу мүсін, үздік сәнгер, менің ойымша, па, шіркін т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар: Қазіргі сән туралы көзқарасың қандай?
Қазіргі сән өнерін бағындырған дизайнерлер кімдер?
Сән неліктен ұзақ сақталмайды?
″Киім түрлері және талғам″ тақырыбына шолу. ″Кофе таяқшалары″ әдісі арқылы оқушылардың білімдері сыналады. Мұғалім кез-келген таяқшаны суырады, онда кімнің аты жазылса, сол оқушы сабақ айтады немесе қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы 5 минут
1.Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өту.
2. .″Сәнді сандық″ әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді. Оқушылар сандықтың ішіндегі киім суреттерін алады және түстеріне қарай топтарға бөлінеді: белдемше тобы (сары түс), көйлек тобы (қызыл түс), шалбар тобы (қара түс), жейде тобы (көк түс).