Қысқа мерзімді сабақ жоспары Мектеп: №9 мектеп интернаты Күні: 18.04.2023 ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Мусина Гульнара Галымовна
Сынып: 9 «А» Қатысқандар: 18 Қатыспағандар:3
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар.
Сабақтың тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.1.7 – ά бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау.
Сабақтың мақсаты: 1. 1. Радиактивті элементтер мен бөлшектерді және ά бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау. 2. 2. Оқушылардың басым бөлігінің сабақ соңында атомның планетарлық моделін, ядроның мөлшерін, зарядын, құрамын, массасын физикалық мағынада тұжырымдау. 3. 3. Ядроның құрамын анықтауға арналған есептерді шығару.
Бағалау критерийі: 1. Радиактивті элементтер мен бөлшектерді және ά бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттайды. 2. Оқушылардың басым бөлігі сабақ соңында атомның планетарлық моделін, ядроның мөлшерін, зарядын, құрамын, массасы мен физикалық мағынасын тұжырымдайды. 3. Ядроның құрамын анықтауға арналған есептерді шығарады. Мысал келтіреді.
Тілдік мақсаттар:Радиактивті элемент, радиактивті сәуле, магнит өрісі, радиактивтілік, атомның планетарлық моделі, ядро, заряд, масса, нуклон, нуклид, изотоп, электрон, протон, нейтрон. Шартты белгілері мен өлшем бірліктері.
Құндылықтарға баулу: Экономикалық – энергетикалық тапшылықты жеңудің құралы, Әлеуметтік – қоғам үшін зиянсыз бейбіт мақсаттарға пайдалану, Саяси - ядролық қарулануды тоқтату мен жою, Технологиялық – медицинада диагноз қою үшін; өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табу үшін.
Пәнаралық байланыс: Химия, биология, тарих, математика
Алдыңғы білім: Фотоэффект, рентген сәулесі, электронның ашылуы, радиоактивті элементтердің ашылу тарихы, сәулелердің түрлері мен құрамы туралы негізгі түсініктер. Бар білімді кейінгі тақырыптарды меңгеру барысында тиімді пайдалана алу.