Сабақ жоспары Мектеп: Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мұғалім: Ерманова А.К.
Күні: 15.11.2022 ж.
Сынып: 7 «Б»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, ізденушілік қабілеттерін дамыту
Әділқазы алқасын сайлау: Әділқазы алқасына бағалау парағы беріледі.
Сабақтың барысы: Топ арасындағы білімділік сайысын ұйымдастыру.
І. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Оқушыларды әр түрлі түсті ұшақтар арқылы топқа бөлу. Оқушылар ұшырылған ұшақтарды таңдау арқылы бірдей түстер топқа бірігеді. Топ атауын ұсынады.
Сайыс барысымен таныстыру. Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
Кезең: «Білеміз бе?» білімділік сайысы
Кезең: «Кіл жүйріктен кім жүйрік ?»
Кезең: «Жұмбақты тауып көр»
І кезең. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
ІІ кезең. Кіл жүйріктен кім жүйрік? (Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру. Таңдалған әр ұяшықтағы сан ұпай болып қойылады)
ІІІ кезең. Жұмбақты тауып көр. Интерактивті тақтада сандар жазылған ұяшықтарда жұмбақтар орналасқан. Ұяшықтар топтардың қалауы бойынша ашылады. Жұмбақ жауабын тапса 5 ұпай , орыс және ағылшын тілдеріне аударса жұмбақ жауабын онда 15 ұпай беріледі. Топтар 3 кезең бойынша сайысты аяқтайды.
Әділқазы алқасы топтар баллын анықтап, марапаттайды. Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
Оқушылар рефлексия ретінде түрлі түсті ұшаққа тілек жазып, қайта ұшырып, ұшақты таңдап алады.
Мұғалім: Бүгінгі интеллектуалды топ арасындағы сайысымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!