Дескриптор:
«Алаш» сөзіне ассоциограмма құрастырады.
Өзіңді тексер!
Зиялы, қайраткер, үкімет, партия, алашорда, ақын-жазушылар
Жаңа сөздер:
сана-сезім- подсознание
ілім-білім-знание
алашордалықтар- алашординцы
құрбан-жертва
ұлтжанды-патриот своей нации
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі.
Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін?
Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.
а) жатыс септік тұлғаласындағы есімшіден болады. Екеуі үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тарамаған еді.
ә) есімше тұлғалы етістік пен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады: Ақпан төңкерісі аяқталған кезде «Алашорда» партиясы құрылды.
б) барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін, кейін, соң, бері, бұрын шылаулардың тіркесінен болады. «Алаш» үкіметі арналғаннан кейін бәрі әділ шешілетіне сенімді болды.
в) -ша, -ше тұлғалы есімшіден болады. Ұлтжанды азаматтар партия құрғанша да сана-сезімі мен идеялары ортақ болды.
г) көсемшенің - ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасынан болады: Шынында да, партия құрғалы ілім-білім мәселесіне ерекше назар аударылды.
д) етістіктің шартты райынан да болады: Партия құрылса, зиялы қауым тез жиналар еді.
е) -ысымен (-ісімен) қосымшалы етістікпен болады. Алаш арыстарының жұмысы бастамасымен қиындықтар да көп кездесе бастады.
2-тапсырма.
Тыңдалымалды тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Дескриптор:
«Алаш» деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіретін ұран болған сияқты. Ал енді қазақтың «Алаш» ұраны «алаш, алаш болғанда, Алаша хан болғанда бұл қалмаққа не қылмадық?» деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деуге болады.
Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың,А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердіұлының, Мұхаметжан Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылыми мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде —алапес болып туған бала, екіншісінде — алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде — Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде — қалмақты қорқыту үшін “Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. “Қамбар батыр” жырында (“Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы”), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында (“Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен”), Махамбеттің (“Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма”) өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде “Алаш қозғалысы”, “Алашорда”, “Алаш” деген ұғымдарды атауға болады. “Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.
ХХ ғасырдың басында құрылып, осындай аса маңызды ат алған «Алаш» партиясының құрамына ұлттық сана-сезімі өте жоғары, ілім –білімді терең меңгерген тұлғалар жиналды. Өздерін «алашордалықтар» деп атаған бұл зиялы қауым қазақ үшін, елінің болашағы үшін құрбан болудан қорықпады. Ұлы мұрат жолында өмірлерін қиды. Өйткені олар - шын мәнінде нағыз ұлтжанды азаматтар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |