5-тапсырма. «ПОПС формуласы» әдісі
«Алаш» ұғымы нені білдіреді?
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»
Өзіңді тексер! Бірінші сөйлем: «Менің ойымша «Алаш» деген ортақ түріктік атау. Екінші сөйлем: «Себебі, Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі».
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады».
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім. “Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді».
Бүгінгі сабақта:
«Алаш» ұғымы нені білдіретінін білдіңіз;
жазба жұмыстарында мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырдыңыз.
№ 15 слайд
1 мин
Қосымша тапсырма: Әртүрлі дереккөздерден «Алашорда» үкіметі туралы ақпарат тауып, шағын көлемді әссе жазыңыз.
http://pushkinlibrary.kz/kz/2615-alashordintsy-zhertvy-politicheskikh-repressii.html
Дескриптор
Әртүрлі дереккөздерден «Алашорда» үкіметі туралы ақпарат тауып, шағын көлемді әссе жазады.