3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.
Дескриптор:
берілген сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрап жазады.
Өзіңді тексер!
«Алаш» сөзінің мағынасы
|
«өзі үшін бәріне дайын, нағыз адам» дегенді білдіреді.
|
«Алаш» сөзі -
|
«қазақтың» синонимі.
|
«Алаш азаматы» сөзінің мәні
|
«бауырлас, туыс» дегенді білдіреді.
|
Алашордалықтар ұлы мұрат жолында
|
өздерін құрбандыққа шалды.
|
Алаш туы астына ұлттық сана сезімі өте жоғары, ілім-білімді терең меңгерген
|
ірі тұлғалар жиналды.
|
4-тапсырма. Берілген сөздерден мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазыңыз:
1.Қазақстан /алған кезде, / тәуелсіздік / бағаладық Алашордалықтардың еңбегін.
2. «Алаш» партиясы құрылғанда, /меңгерген тұлғалар жиналды/ ілім –білімді терең.
3. «Алаш» / ұғымын білгеннен кейін,/ алашордалықтардың қоғамдық-саяси рөлін түсіндік.
Дескриптор:
берілген сөздерден мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып жазады.
Өзіңді тексер!
1.Қазақстан тәуелсіздік алған кезде, Алашордалықтардың еңбегін бағаладық.
2. «Алаш» партиясы құрылғанда, ілім –білімді терең меңгерген тұлғалар жиналды.
3. «Алаш» ұғымын білгеннен кейін, алашордалықтардың қоғамдық-саяси рөлін түсіндік.
Достарыңызбен бөлісу: |