Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Бұл шығарманың тақырыбы- Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын айтқан.
Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз қөзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.Бұл шығарманың идеясы- ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын.
Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 3 шумақты
Тармақ – өлеңнің әр жолы. 16 тармақты
Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты: 11-12 буынды
Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі. б, а, а, в, а, г, а аралас ұйқас
Эпитет - Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты7
Метафора яки ауыстыру- Сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту. Бұлақ-қыз,шолпы таққан сылдыратып
Метонимия (алмастыру)- Өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. «Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.
Ирония - Келеңсіз жайттарды, ұнамағанды жеңіл, астарлы кекесінмен айту.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз!
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз»
3-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы ерекше белгіленген сөз тіркестерін көркемдегіш құралдарға ажыратыңыз.
Дескриптор: -сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді; -көркемдегіш құралдарды ажырата алады. Эпитет - Көкірегі сезімді, тілі орамды. Түбі терең сөз артық. Метафора яки ауыстыру- Көңілінің көзі ашық. Қисық-қыңыр, қырын келмей. Құлағың тосаңсиды. Метонимия (алмастыру)- Тасыр ұқпас, талапты ұғар. Туар даңғой. Мисыз бәңгі күлсе. Ирония -Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
3 минут
Бекіту
Сабағымызды қорытындылайық. Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз. Әр сөйлем бойынша өзіңізге самйлик арқылы баға беріңіз:
- өлеңді мәнерлеп оқи алдым;
- өлең құрылысына талдай алдым;
- ақынның суреткерлік шеберлігін ажырата алдым;
- шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алдым.
Қосымша тапсырма
Ақын ойын негізге ала отырып, өлең жазып жүрген құрбы-құрдастарымызға өлеңге қандай талап қойылатындығын айтып, сыни хабарлама жазыңыз.