2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: Білім алушылардың өзіндік дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде олармен педагогикалық ынтымақтастықты жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерінің жаңаша түрлерін жүзеге асыру.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: тақырыптық презентация, оқулық.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: компьютер, ноутбук, смартфон
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі: (1-2 мин)
Сабаққа дайындығын тексеру
- студенттермен сәлемдесу. Білім алушылар назарын сабаққа аудару.
- студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, сабақта жоқ студенттерді белгілеу
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Темперамен туралы түсінік
Темперамент дегеніміз жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктері. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік байланыста болады. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Ежелгі Грецияның белгілі ғалым дәрігері Гиппократтың еңбектері алатын болсақ адам организмінідегі 4 түрлі сұйықтыққа бөліп қарастырған. Мәселен, ағзадағы қанның пропорциясы артық болса сангвиник яғни (латынша «сангиус» - қан денді білдіреді), ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын дегенді білдіреді) яни флегматик темперамент болады, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мелайне-холе»-қара өт дегенді білдіреді), ал ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше холе-өт дегенді білдіреді) яғни холерик темпераментіндегі деп қарастырған.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін жүйке жүйесінің типтерін 3 ке бөліп ажыратқан.
Күшті тип- қозуы мен тежелуі басым- ұстамсыз тип
Ширақ тип- қозуы мен тежелуі тең
Әлсіз тип-қозуы тежелуі баяу тип болып бөлінген. Сонымен, темперамент – адамның психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |