Сабақ жоспары Ми және психика (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы : психология


Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыда дәлелдеген И.П.Павлов және ол жүйке жүйесінің түрлеріне орай психологиялық сипаттама берді



бет34/69
Дата07.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#20453
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
жоспар

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыда дәлелдеген И.П.Павлов және ол жүйке жүйесінің түрлеріне орай психологиялық сипаттама берді.

  1. Сангвиник. Бұл тип өкілі - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш және бірте-бірте тез алмастыратын сезімдерімен көзге түседі, қарым-қатынасы тұрақсыз болып келеді. Ондай оқушы ақкөңіл және жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Жағымсыз жағдайларда, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксізбен қарайды.

  2. Флегматик. Бұл типтің өкілі - баяу, байсалды, асықпайды, адам көбіне салмақты, сабырлы келеді. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтарда тепе-теңдігі сақталады.

  3. Холерик. Бұл типтің өкілі - тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

  4. Меланхолик. Бұл типтің өкілі - психикалық процесстер өте баяу жүреді. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик типтегі оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі арта түседі және жақсы нәтиже көруге болады.

Мінекей бұл темперамент түрлеріне берілген сипаттама.

Тұлға қасиетін ажыратудың басты белгісі ретінде адамның дене құрылысының ерекшеліктерін Эдуард Кречмер анықтады. Тұлғаның дене бітіміне орай Э.Кречмер 4 түрлі типологияға бөлді. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет