2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: Білім алушылардың өзіндік дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде олармен педагогикалық ынтымақтастықты жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерінің жаңаша түрлерін жүзеге асыру.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: тақырыптық презентация, оқулық.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: компьютер, ноутбук, смартфон
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі: (1-2 мин)
Сабаққа дайындығын тексеру
- студенттермен сәлемдесу. Білім алушылар назарын сабаққа аудару.
Сабаққа психологиялық даярлық.
- Бір-біріңізбен жаңа танысқан адамша сәлемдесіңіз;
- Бір-біріңізбен көптен кезбеспеген достар сияқты сәлемдесіңіз;
- Бір-біріңізбен оқушы мен мұғалім сияқты сәлемдесіңіз;
- Бір-біріңізбен 5 жылдан соң кездесіп тұрмын деп ойлап, сәлемдесіңіздер. Өте тамаша, бір-бірімізге бүгінгі күнге сәттілік тілеп орнымызға отырайық.
- студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, сабақта жоқ студенттерді белгілеу
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді.
Оларды тудырған- қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономиалық прогрестің әсері.
Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы – адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтарды қарастырады. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |