Сабақ жоспары Ми және психика (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы : психология



бет67/69
Дата07.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#20453
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
жоспар

Вибрациялық түйсіктер. Қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары сау адамда көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды.

Ал адам есту қабілетінен айырылса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады.кейбір саңырау адамдар музыканы, әнді күшті ыета қойып «тыңдайды». Өйткені, олар дыбысты вибрациялық сезімдер арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қоя арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатыды. Себебе, нәзік дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді.

Енді түйсіктің түрлерін дәптерлерімізге көрсетіп жазып алайық көру түйсіктері, есту түйсіктер, иіс түйсіктері, дәм түйсіктері, кинестезиялық түйсіктер, тең басу түйсіктері., вибрациялық түйсіктер.

Балаларда түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі бірітіндеп дамиды.

Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суға толы болады да ештеңе әсер етпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа бірітіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс.

Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан жоғары жастарда бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады.

Сондықтан түйсікті баланың кіші жасынан бастап дамытып, үнемі іс-әрекет үстінде қалыптастырып отыру керек.

Жаңа білімді меңгеру кезеңі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет