Кинестезиялық түйсіктер. Дененің жеке мүшелерінің бір күндегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде – қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі нервтердің ұштары. Мәселен, қозғалыс түйсігінің анализаторларына зақым келсе, адам өз денесіндегі бір мүшесінің қандай қалыпта тұрғанын сезбейді. Осы түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де жазу, сызу жұмыстарын атқаруда да зор маңыз атқарады. Бір сөзбен айтқанда адамның қозғалысқа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.