Тең басу түйсіктері. Мұндай түйсіктерді статикалық түйсіктері деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вистибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік – бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең бесуын бейнелейді. Ғарышты меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы ерекше. Мысалы, ғарышкер мамандарды даярлауда олардың вестибулярлық аппараттарын жаттықтырып, оларды көру, қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытып отыруға баса мән береді.