Көру түйсіктері. Біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінен болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады.
Көру мүшесі – көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы.көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы, торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Есту түйсіктері. Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері – дыбыс толқындары. Есту мүшесі – құлақ үш бөлімнен тұрады. Біріншісі – сыртқы құлақ, сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа балғашық, төстік, үзеңгі кіреді. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі.оның өзі үш бөліктен:босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай к о р т и(дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) мүшесі орналасқан.
Иіс түйсіктері. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда жақсы жетілген. Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ ісінен «таниды». Үйге кірген адамдарды, түрлі нәрселерді, таныс көшесін де, тұрған үйін де олар иісі арқылы оп-оңай айыра алады. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады. Мысалы, Африкадағы бушмен тайпалары арыстаның, керіктің ізін иіскеп жүріп-ақ тауып алады, олар иісті ең жақсы аңшы иттерден артық біледі. Түрлі иістердің табиғатын зертейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |