Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше – тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін – белгілі дәм бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттыар. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Мәселен, тәтті дәмді – тілдің ұшы, ащы дәмді – тілдің түбі, қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұзды – тілдің ұші мен екі шеті жақсы сезеді.
Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы – денедегі терінің өн бойына орналасқан. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес. Мәселен, нәрсе тигенде тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль,температура және ауырғанды білдіретін түйсіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |