Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


Сабақтың тақырыбы: Төлдер Сөйлем



бет10/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

14. Сабақтың тақырыбы: Төлдер Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: 1. Малдың төлдерінің аталуы туралы айту 2. Балалардың малдар туралы түсініктерін дамыту 3. Оқушыларды малды дұрыс күтуге, қастерлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілік төрт түлік мал төлдерінің суреті
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау Өтілген тапсырмалар бойынша лаған білімдерін пысықтауда қосымша сұрақтар қою.
ІҮ. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Төлдер». Төлдер дегеніміз не? Малдар балаларын қалай шақырады? Төрт түлік мал туралы түсінік беру. Малдың пайдасы туралы айту
Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша әңгімелеу, сұрақ-жауап ,қандай малдың төлін көріп тұрмыз, сиырдың төлі не?-бұзау
Дәптермен жұмыс: Жазу үлгісі жазу бойынша жазу элементтерін жазу.
Ү. Сабақты бекіту Ойын «Төлдердің енесін тап»
ҮІ Сабақты қорыту:Сонымен біз бүгін не туралы өттік? Ойын сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ.Бағалау.


Әліппе кезеңі
15. Сабақтың тақырыбы: А дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1.А дыбысы және әрпімен таныстыру.А әрпі барлық буындарда жазылатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: А әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, А-таныстыру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сурет бойынша әңгіме. ә) А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, а дыбысын дұрыс айтуға үйрету. б) А дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.(баспа және жазба түрі).А- бас әрпі, а-кіші әрпі. в) Хормен дыбыстап айту. г) Алма, алмұрт. Анар сөзін буынға бөлгізу. ғ) Осы сөздерді айта отырып, а дыбысының сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын аңғарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет