ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Зығыр, зырылдауықсөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.ә) « З» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату. б) З-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-З з Жазба түрі-Ззв) Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.таза зығыр жалбыз қобыз тазы қызыл қарбыз, тоғыз қозы, қымыз ,жұлдыз,сызғыш.г) Баған түрінде берілген сөздерде з дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұрғанын анықтау
Ү. Жаңа білімді бекіту.1. Мәтінді тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап әдісімен мазмұнына түсінік беру. 3.Әңгімелету.Сергіту сәті:4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену.5.Тақтамен жұмыс:
Ауа таза. Еркін мұз айдынына барды. Ол сырғанақ тепті.. З дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық.?
69. Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. З әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға, сөзді , сөйлемді дұрыс жазуға баулу. Ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2. Салауаттылыққа баулу. 3 Алған білім-білік дағыдысын шыңдай түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Білімді тексеру:1) З дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздің қай жерінде жазылады?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ.Өткен сабақты пысықтау З әрпіне байланысты берілген сөздерді, мәтінді оқыту.
Ү. Білімді тексеру.1. Зығыр қайда өседі? 2.Зығырдан не алынады? 3. Әңгімелету.
ҮІ. Жаңа сабақ:1. «Мұз айдыны» мәтінін оқыту. 2. Сұраққа жауап алу
ҮІІ. Жаңа білімді тексеру.Алматы маңында қандай мұз айдыны бар? Ол қай таудың баурайында орналасқан? Зада мен Зере қайда барды?Сергіту сәті. 4.Дәптермен жұмыс: Зз әрпін жазып үйрену. Буын диктантын жазғызу.-зы,- қар,- ғыр,-жал,-жұл,- быз, -дыз,- уық,- рыл,- ғыш, -са,- сыз,- ғыз.