8. Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші? 10 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру.
2. Ұқыптылыққа баулу,адамгершілік тәрбие беру.
3. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі : Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны. І. Ұйымдастыру .1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім?
2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім? 3-ші, 4-ші кім? Барлығы қанша бала?
Ү. Оқулықпен жұмыс: 1-сурет. -Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр?
-Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім?
- Ең соңында кім келе жатыр? 2-сурет.
1 Алма ағашы қайтті? Одан кейін....? Күзде ше? Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды? 3-сурет. Ең алғаш рет балалар мектепке келді? Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)
4-сурет. Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 1. Санауға жаттығу.
2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру.
3. Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік.
Тексерілді
Математика күні
Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты
1. Балалардың біріктіру және бөліп алу туралы білімдерін анықтау.
2. Сурет бойынша жұмыс жасау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу