38-1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы:Аңдардың көктемгі тіршілігі
Сабақтың мақсаты: Аңдардың көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру.2 Табиғатты қорғауға баулу.3 Дұрыс, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.аңдар.
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Қыстап қалатын құстарды ата.«Құстар қалай қыстайды?» дауыстап оқыту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:1. Тақырыпты оқи отырып түсіндіру. 2. Дауыстап оқыту. 3. Әңгімелеу.Сергіту сәті. Ү. Жаңа білімін бекіту: -Сүт қоректілер жылдың қай мезгілінде төлдейді?-Олардың балалары қалай аталады?-Алғашқы кезде балаларын немен асырайды?
ҮІ. Үйге тапсырма беру:«Аңдардың көктемгі тіршілігі.» түсініп оқу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?
38-2. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Көктем қарбаласы.
Сабақтың мақсаты: «Көктем қарбаласы.» туралы түсінік беру.2 Табиғатты қорғауға баулу.
3 Дұрыс, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: аңдардың суреттері
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Киік лағын қандай туады?-Лақтың туылғаннан кейінгі тіршілігі.қандай?-Киіктің лағы не деп аталады?-«Құралай желі» деп аталу себебі не?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:«Көктем қарбаласы.» әңгімелеу арқылы түсіндіру.а) Аюдың балалауы. Аюдың көктемгі тіршілігі Аю немен қоректенеді?ә) Тышқан, түлкі, тиін, кірпі. 1. Дауыстап оқыту 2. Әңгімелеу.
Ү. Жаңа білімін бекіту: -Аю қашан балалайды?- Аюдың баласы не деп аталады?-Ол апаннан қашан шығады?-Шыға сала не іздеп орманды кезеді?-Ол немен қоректенеді?