ҮІІ. Үйге тапсырма беру:«Малды бағып-күту.» түсініп оқу.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта не жайында білдік?
40.Құстардың туған жерге оралуы.Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға құстардың көктемде туған жерге оралуы туралы түсінік беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) Қамқорлыққа, жанашырлыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сабаққа дайындау.
І.Үй тапсырмасын тексеру:«Малды көктемде бағып күту» тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау.
ІІ.Білімді жан-жақты тексеру.Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап әдісін пайдаланып білімдерін жан-жақты тексеріп өту. ІІІ.Білімді қабылдауға дайындау:Біз бүгін «Құстардың туған жерге оралуы» тақырыбы бойынша білетін боламыз.Құстар басқа жаққа неге кетеді, туған жерге қашан оралатыны туралы белтін боламыз.
ІҮ.Жаңа білімді меңгерту:Ал ендеше есімізге түсірейік:-қандай құстарды білесіңдер?-Қыстап қалатын қандай құстар бар?-Қыста құстар қалай тіршілік етеді, қысқа олар қалай дайындалады? (сұрақтарға жауап бер)-Біз өткен сабақтарда айтқан болатынбыз, құстардың кейбірі күзде күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді.Ал, олар кейін көктемде, күн жылына бастағанда туған жерлеріне оралады екен.Яғни, көктем-құстардың туған жерге оралатын мезгілі.Олар келе сала ұя жасайтын орын іздейді, ұя жасайды.Өз балапандарын шығарып, оларды қоректендіру үшін күндіз-түні дамыл таппайды.Яғни, біздің ата-аналарымыз сияқты өз балапандарын қорғайды.Тақырыпты оқып беру.Өздеріне оқытып шығу.Суреттерге қарата отырып, түсініктер беріп өту.Құс ұясын бұзбауды, балапандарды мысықтан және де тентек балалардан қорғап жүруді естеріне сақтату.Сергіту сәті«Ұшты-ұшты»