Ү.Білімді меңгергендерін тексеру:-Құстар қай жақтан оралып келеді?-Ол жаққа қашан , неліктен кеткен еді?-Көктемде құстарды қалай күтеміз, қорғаймыз? VI.Білімді бекіту:Бүгін не білдіңдер? Не үйрендіңдер?(Оқушылардан сұрау)
VII. Үй тапсырмасын беру,бағалау.1Бақыла ( тапсырма оқулықтан) 2Тақырыпты оқу, әңгімелеуге даярлау Ұялардың суреттерін салу.3Оқушылардың білімдерін бағалау.
41.сабақ.Сабақтың тақырыбы:Үй құстарын көктемде бағып-күту. Сабақтың мақсаты: а ) оқушыларға үй құстарын көктемде бағып-күту туралы түсінік беру. б) сөйлеу тілдерін дамыту, оқу жылдамдықтарын арттыру в) қамқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпті болуға тәрбиелу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үй құстарының суреттері
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сабаққа даярлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:1.«Құстардың туған жерге оралуы» тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау2.Салған құс ұяларының суреттерін тексеру.
III. Білімді жан-жақты тексеру:Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып «Кім жылдам?» ойынын ойната отырып білімдерін жан-жақты тексеру.
IV. білімді қабылдауға дайындау:Бүгін біз, «Үй құстарын көктемде қалай бағып күту » туралы білеміз.Үй құстарын не үшін бағып-күту керектігі туралы білетін боламыз.
V. Жаңа білімді меңгерту:Есімізге түсіріп көрейік:-Үй құстарына қандай құстар жатады?-Үй құстарының жабайы құстардан қандай айырмашылығы бар?-Неге олар «Үй құстары» деп аталады?(сұрақтарға жауап алу)Көктемде үй құстары да балапан шығарады.Сондықтан оларды күтіп бағу керек.Оларға ұя жасап беріп, үнемі тамақтандырып тұру керек.Балапан басқан тауық тұрмайтындықтан алдына жем, су апарып қою керек.Ол балапан шығарған соң , оның балапандарын күтіп-бағуға көмектесу керек.Тақырыпты оқып беру.суретпен түсінік жүргізу.Өздеріне тақырыпты оқыту.Сергіту сәті.