Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


Сабақтың тақырыбы: Қайталау



бет38/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

55. Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: 1.Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу.2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3. Алған білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. - ң, е, ұ, ж қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант: аң, шаң, шаңғы, таң, тоң, ыс, қыс ,ау ұн ұқ.
ІҮ. Қайталау.1. Әр дыбысқа қатысты сөз ойлау, сөйлем құрату2. Ынта,жарық, ұшақ, аң сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 3. Кеспе әріптерден сөз құрату ыдыс , жаңа, ұста, қаңбақ.4. Жұмбақ шешу: Тамның үстіне тары жайдым.(жұлдыз) Атасы қисық ағаш, Анасы жайма төсек.
Баласы шырын шекер, Бір сабақта құж-құж жентек. (жүзім) 5.Жаңылтпаш жаттату. Шапшаң,шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң
Дәптермен жұмыс. Көшіріп жазу. Сергіту сәті.
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті үйрендік? Ң қандай дыбыс?


56. Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Ң дыбысы қандай дыбыс? -Қай текшеге жатқызамыз ? -Сөздің қай жерінде жазылады? ә) Тақтаға сөздер жазғызу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
І Ү. Жаңа сабақ: а) – Емен,ер сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Е дауысты дыбыс екенін аңғарту. б) -Әріп таңбасымен таныстыру.3 рет дыбыстау Баспа түрі-Ее Хормен оқыту.Жазба түрі-Ее Тақтамен жұмыс: 1. Емен,еден, ел, ер, жел, жер, бел, бес,немере, немере.2. Сөйлем құрату. «Емен» мәтіні неше сөйлемнен құрылғанын аңғарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет