Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қоян суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіСыныпты тазалап, үйге берілген тапсырманы пысықтау.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Дауысты , дауыссыз дыбыстарды пысықтау.
III. Мақсат қою кезеңі- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?
IV. Жаңа сабақМәтінді оқыту.Қоян
Қыста аңдарға жем табу қиын.Түлкі қыстыгүні қоян аулайды.Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі.Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Содан да ол алаңсыз жайлып, бұта түбінде ұйықтай береді.
2. басқа аңдар туралы не білесіңдер?
V. Жаңа материалды пысықтауӨзіндік жұмыс дәптерінің №2 тапсырмасы бойынша
1 нұсқа
1. Өлеңдегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз
2-нұсқа1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз2.Олар қандай дыбыстар?
А) дауыстыӘ) дауыссыз3-нұсқа1.Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жаз.2. Мына сөздерді буынға бөліп жаз
VI. Үйге тапсырма, бағалауҚоян туралы әңгіме жазып келу
№11 сабақ Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады?Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту. б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге
тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, ойын
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару