Бекітемін
Мектеп директоры Х. Ирисметов
№64 Ш.Рашидов атындағы жббм
Ағылшын тілі пәнінінен “English for all” атты үйірме сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Амина Султанова
Сынып: 4
2024-2025 оқу жылы
4- сынып оқушыларына ағылшын тілінен арналған факультатив сабағының тұжырымдамалық негізі.
Мемлекетіміздің халықаралық байланыстарының өсуі - адамның практикалық және интеллектуалдық қызметінде шет тілдері қажет екендігін көрсетті.Шет тілін үйрене отырып оқушы,өз білімін шыңдайды,басқа ел туралы кең көлемде мағұлматтар алады,салт-дәстүрін, мәдениетін таниды. Сауатты жазып сауатты сөйлеу үшін оқушыға тек қана сөздік қорды молайту жеткіліксіз,сонымен қатар оқушы грамматикалық материалды жете меңгеруі қажет. Ағылшын тілінде грамматикалық материалды жақсы меңгеру негізгі шарт. Грамматика- тілдің құрылымдық ерекшелігі. Грамматикалық ережелерді дұрыс меңгермеген оқушыға сөйлем құрау кезінде өз ойын толық жеткізу қиындық туғызады. Сондықтан грамматиканы жақсы меңгерту тілдің құрылымдық ерекшеліктерін танымдық жақтан дәл анық түсіндіру деп білемін.Осы орайда бұл факультатив сабағының бағдарламасы оқушы үшін пайдасы зор.
Ұсынылып отырған факультатив сабағының бағдарламасы
4-сыныптарға аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа арналып жазылған.
Факультатив сабағының негізгі міндеттері:
Шығармашылықпен ізденуіне жағдай жасау;
Практикалық іс-әрекеттерге байланысты түрлі мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таба білуге үйрету.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
Жинақтау ережелері негізінде грамматикалық материалдарды жете меңгерту;
Тыңдап түсіну дағдыларын жетілдіру;Сөздік қорын молайту.
Ағылшын тілінде дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырата білу;
Сөздер мен сөз тіркестеріндегі екпінді дұрыс қоя білуге үйрету;
Достарыңызбен бөлісу: |