Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Нұржәмила Мұсақызы Сұлтанбекова



бет3/5
Дата22.10.2023
өлшемі24,3 Kb.
#120543
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 Эссе белгілері Эссе толғаныстан туған шағын әдеби шығарма


14-слайд


Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады.


15-слайд


Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.


16-слайд


Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы. Кішкене көлем: қандай да бір қатқыл шекара әрине жоқ, алайда жақсы эссе үшін сөз орамын ойландыруга жетелейтін сыйымды шығарма үшін бір парақта жетіп жатыр.


17-слайд


Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.


18-слайд


Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.


19слайд


Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.


20-слайд


Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.


21-слайд


Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек. Мәселені қабылдау мен оны пайымдаудың жекеше сипаттамасы: эссе - субъективті жанр, ол автордың жеке басын, ұстанымынын бірбеткейлігін көруге мүмкіндік беруімен қызықты, бағалы. Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет