ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ БЕКІТЕМІН ПЦК төрайымы: ______ САБАҚ ЖОСПАРЫ Пән: Шағын жинақталған мектепте оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру Тақырыбы: Сынып-комплект жағдайындағы сабақ кестесі Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Сынып-комплект жағдайындағы сабақ кестесін құрудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. ә) дамытушылық: ШЖБМ-те тиімді сабақ кестесінің үлгілерін жасап үйрету. Сабақ кестесін жасаудың әдіс - тәсілдерін қолдану
б) тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, адамгершілікке баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар:дәріс, түсіндіру, тестілеу, иллюстрация.
Пәнаралық байланыстар: бастауыш оқулықтары
Сабақтың жабдықталуы: Презентация, жұмыс дәптер, сабақтың тақырыбы.
Қолданылатың әдебиеттер: 1. Ш.Құрманалина.С.Құрманалина.
2. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, аудитория тазалығын қадағалау, сабақтың мақсатын хабарлау
Топқа біріктіру: 5Т ережелері: 1.Тыныштық
2.Талап
3.Тәртіп
4.Тазалық
5.Татулық
1) аудитория мен оқушыларды оқу-тәжірибе жұмысына дайындау,
2) сабақтың таныстырып мақсатын қою;
Студенттермен амандасу, тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ барысымен таныстыру.
Білу: «Кім жылдам» ойыны: Миға шабуыл сұрақтары бойынша үй тапсырмасына шолу жасау Үй тапсырмасын сұрау: 1.ШЖМ-де көрнекі құралдарды зерттеген ғалымдар кімдер? (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев)