Сабақ жоспары пән: Шағын жинақталған мектепте оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру


Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру



бет6/6
Дата13.02.2023
өлшемі44,31 Kb.
#67595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сынып-комплект жағдайындағы сабақ кестесі (5)

2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру
Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады.
Бес саусақ әдісі:
1.Білу.Бас бармақ-басты мәселе бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды.
2.Түсіну:Балалы үйрек-бірлесу.Қалай жұмыс жасадым,кімге көмек бердім,кімді риза қылдым
3.Қолдану:Ортан терек-ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым
4.Синтез:Шылдыр шүмек-шынайылылық.Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?
5.Бағалау:.Кішкентай бөбек-көңіл –күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет