суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады. 16. Бұл ғалымдар оқыту құралдарын ақпаратты беру – (сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету) деп түсіндірген ғалымдар кімдер?. . М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин
2.Түсіну. Жаңа тақырып Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары: • сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
• бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
• сабақ тақырыбының өзара байланысы;
• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
• сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
• тиімді оқыту әдістерін таңдау;
• сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
• барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.
Сабақ кестесінің үлгілері Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.
Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.
Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.