Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Қосымша №1
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмасы.
Оқу мақсаты: 9.2.2.3.тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;
9.2.2.4.тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану.
Бағалау критерийлері: 1.Тотығу дәрежесін табудың ережесін қолдана алады;
2.Тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін
түсінеді, бір мезгілде жүретіндігін анықтайды
1-тапсырма.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. А) атом құрылысы мен тотығу дәрежесінің қандай байланыс бар? Химиялық элементтердің тотығу дәрежесі өзгергенің қалай түсіндіре аласыз?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-тапсырма. Мына реакциялардың теңдеулерін құрастырып, тотығу үдерісін анықтаңыз. А) натрийдің оттекпен;
Ә) калийдің хлормен;
Б) алюминийдің күкірт қышқылымен.
Бағалау критерийі
Дескрипторлар
1. Тотығу дәрежесін табудың ережесін қолдана алады
- атом құрылысы мен тотығу дәрежесін байланысын көрсетеді;
- химиялық элементтердің тотығу дәрежесінің өзгеруін анықтайды
2. тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін түсінеді, бір мезгілде жүретіндігін анықтайды.
- реакция теңдеулерін құрастырады;
- тотығу және тотықсыздану үдерісін анықтайды
Қосымша№ 2 Сараланған тапсырма (Кейбір оқушыларға арналған тапсырма)
Тотығу және тотықсыздану тендеулерін мысал келтіре отырып, жүретін үдерісті түсіндір.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------