Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: «Аңыздың ақыры»



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі27,31 Kb.
#21714
түріСабақ
1   2   3   4
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алады, тарихи романдарының тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Сұрақтарға жауап береді.


1.Автор ен далада, аптап ыстықта соңғы демі үшін күресіп жатқан торғай арқылы неден хабардар еткісі келеді?

2. Кие үркіту, әруақ ренжіту дегенді қалай түсінесіңдер? Оған шығармадан мысал келтіріңдер.

3.Жазушы түс көруді қандай мақсатта пайдаланады?


Миға шабуыл. Сабақ мазмұнына болжау жасайды.

Шаңылтақ көктем. Қыста қар көріп жарымаған жабырқаңқы шөл көзіңді қажытады. Жүзген мен сексеуіл әлі бүр жармапты, сояу қалпы. Төңірек түгел мүлгіп тұр. Деңкиген шағылдар да, тырбық құм бұталары да ғұмыры қыбыр-қимыл көрмегендей, жер тістеп жатып алыпты.

Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді. Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. Әлдеқандай долы дүлей қара жерді тас-талқанын шығарып, күл қып уатып, сосын бір алапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, жер мен кек түгел шаңға айналып кеткен-ді. Қара құрым қалың қол бірін-бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап кері итеріп баққан қызыл желді бетке ұстап ілбіген де отырған. Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда — ешкім ажырата алмастай... Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел... Күллі кеңістікті бір өзі иемденіп, асыр салып ойнақтап жүрген шаң-тозаң... Енді дүние қайта орнына келместей... Сол бір шаң-тозаңға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. Әумесер жел бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет