Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: «Аңыздың ақыры»



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі27,31 Kb.
#21714
түріСабақ
1   2   3   4
Болжау сұрақтары:

1.Оқиға қай кезде болды?

2. «Тасбақаның дауылы» деген қандай құбылыс?

3. Неге әмірші осындай мезгілде жолға шықты?
ІІІ. Мағынаны тану.

Роман

Романнан үзінді

Автор ойы,

Өзіңнің түйгенің, кейіпкердің қандай мінезі көрінеді

«Кейде анау тас мұнара мұның өзі сияқтанып кетеді; оның бойында да көрер көзге құлпырып тұрғанмен, әлдебір қаяулы мұң бар, бұның көңіліндегідей ғұмыры тарамайтын-тарқамайтын, өзге түгілі өзіне де түсініксіз, іштей кеміріп жататын бұйығы іңкәр, именшек құштарлық бар; батылсыз жандардың аузынан өмірі шықпай, жәудірей қараған жанарларында жартылай жас боп тұнып жататын тұптұнық, тұңғиық наз бар. Жоқ, мынау мұнара бұның өзі емес, әлдекімнің «апырай, ұқпағаның ба» деп жазғыра қараған жанары сияқты».







Бірақ әлдекімнің қарсылығын көрсе, бұрынғысынан бетер қарысып бағатын әдетіне басып, әбден тістеніп алды. Дүниені көктемде бір дүрліктіретін жел күшті ме, жоқ, қаласа жарық жалғанның астын үстіне келтіретін бұл күшті ме?

Дегенмен, найзаңа ілікпейтін, қылышың кеспейтін мына жел деген пәленің осынша жын ойнағына зығырданы қайнап та келеді. Сонда да, тоқтаймыз ба, қайтеміз дегендей, сары күймені айнал соқтап, қайта-қайта келе берген қол басыларына еш шырай танытпаған-ды.



Сырттағы ышқына ұлып тұрған желді көрмеген естімеген кісіше сұп-сұр боп қатқан да қалған.







Төрт жыл бойы жорықта жүрді. Жүз мың аттың тұяғының баспаған жері жоқ. Сонда күндердің күнінде соның бәрін де дәл мынандай қып, жел үйіріп, құм жұтып қоя ма? Адам деген неменің ғұмыры ұйтқып-ұйтқып басыла қалатын қырдың желіндей құр әншейін өткінші нәрсе ғана болса, тұсында соның әрбір ұсақ-түйегін жіпке тізіп тіркеп бағатын адамның жады да мына сусыма құмдай тұрлаусыз бірдеңе екен ғой. Сонда анау аспан мен мынау жердің арасында баянсыздықтан басқа ештеңенің болмағаны да. Басқасының бәрі — өткінші, тек баянсыздық қана мәңгілік пе?







Бұрын аяғының астына домалап түскен бетен тәжді көрген сайын, бір айдынданып қалушы еді, бұл жолы селт етпей қойды. Әлде, бұл қанша бел бермеуге тырысқанмен іргеңе қонып алып, әрлі-берлі жүріп тұрғаныңның бәріне де итін қосып жатқан қаскөй көрші кәріліктен бе екен? Ол немені қалың қол ертіп барып шауып алуға да болмайды, айла-тәсілмен алдын орап қайтарып жіберетін аңғал жау да емес. Самсаған сары қолмен көк желкеңе келіп шатыр тігіп жатып алған ата дұшпандай бірден қол салмаса да, күн өткен сайын төбе-құйқаңды шымырлатып, сеніміңді сетінете түседі.







Әміршінің кейде қарауындағылардың оп-оңай нәрсеге қайтіп ақылдары жетпейтініне қайран қалатыны бар. Артынан өзі байыптап ойлап-ойлап, онысының бекер екеніне көзі жетеді. Өзі болса, біреуге жаға ма, жақпай қала ма деп қипақтамайды, ал қарауындағылар мұның қас-қабағын бағып қипақтап тұрғанда, шатаспастан шатасып кетуі әбден ықтимал. Ол бағыныштылармен оңаша сырласқанда мәжіліс тесін ұзақ сөйлетіп, өзі үн-түнсіз тыңдайды да отырады. Әбден айтатынын айтып болғанша сөзін бөлмейді. Ұстаз алдындағы бала шәкірттей қыбыр етпей, аузына қарап қатады да қалады. Тіпті «иә, дұрыс, айта бер» деп мақұлдап басын да иземейді. Өйтсе де, кейбіреулердің «тап осы бағытымнан ауып кетсем, жақпай қалармын» деп ыңғайға аунап, көп сырын ішке бүгіп қалуы мүмкін ғой. Оған өз бағыныштысының ішіне құлта сақтамағаны, не ойлап, не қойғанын түк қалдырмай түгел айтып бергені керек. Өйткені бұның әмірінің астындағы елде ішіне сыр бүгіп, құлта сақтауға тек оның өзінің ғана хақысы бар. Ал былайғы жұрт бұның жолынан жаны мен қанын аямағанда, сырын аяп қайтеді... Бұл өзіне бағынышты жердегі әр пенденің не ойлап, не қоятынын түгел біліп отыруға тиісті.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет