Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: «Аңыздың ақыры»


Қорытынды. Осы үзінділер арқылы, өзің алған эпизодтардан мысалдар келтіре отырып, Әміршіге мінездеме бер



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі27,31 Kb.
#21714
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
11-сабақ. Аңыздың ақыры. 1-бөлім

Қорытынды.

Осы үзінділер арқылы, өзің алған эпизодтардан мысалдар келтіре отырып, Әміршіге мінездеме бер.



1-тапсырма

Анасы марқұм өлерінде, арса-арса сүйегін зорға көтеріп жатып:



— Балам, сен арманыңа жеттің. Ал мен арманда кетіп барам. Жапан түздегі оқшау әулиенің ағашындай жалғыз қалпыңда тастап барам. Астыңдағы тақты кебісіңнен мықты көрме — одан да сыз өтеді. Үстіңдегі ақ ордаңды сауытыңнан мықты көрме— оған да көз өтеді. Жан-жағыңдағы әр қатыннан тараған торпағыңды айбар тұтпа— оларға да сөз өтеді. Қаптаған қалың әскеріңді қалқаныңнан мықты көрме— оған да көз өтеді. Қайбір ыстық-суығыңды бір көріп, бір көрпеден еретін әйелің бар. Әр көрпенің астындағы әйел де бір — үйірдегі бие де бір. Сауырындағы сенен гөрі бауырындағы құлыны жақын. Жылқы баласының еркегі, тісі қатайған соң, үйірден алдымен атасын шайнайтын. Содан сақ бол. Көп ұлды кім тауып көріпті. Қартайған шағында апанын бөлтіріктеріне алдырып, желдің өтінде қалған кәрі бөрідей әрі-сәрі күнге ұшырамайын десең, көп баланың бірін баулы. Көп қатынның бәрінің көңілін табам деп шөре-шөре болмай, қадіріңді өткізіп, бірін тұтын. Сенің әкең, ұлы жалғыз өзің болған соң, ертерек аттан түсіп, билікті саған берді. Ал сенің балаң көп, өз күшіктеріңді өз көзіңше қырылыстырып қоймай, өле-өлгенше ешқайсысына тағыңды берме. Тұғырдан түскен соң, балалы қатыныңды сағалама — балаларына арқа сүйеп, басыңның қадірін кетіреді; баласыз әйелді сағала - балалы әйелдеріңнің алдында баласыздығынан қорғалақтап, өзіңді пана тұтып, өле-өлгенше сыйлап өтеді, — деген. Өзге жұрт есітпесін, өзі мықтап ұғып алсын дегендей, қолынан тас қып қысып ап, сыбырлап, қадалып айтқан осы сөздерді естігенде, бұның сай-сүйегі шымырлап қоя бергенді. Айтарын айтып болған соң, әл кеткен қаймыжық еріндер қайтадан табысып, манадан бері бұның жүзіне қадалып алған сұрғылт көздер өз-өзінен бірте-бірте алыстап бара жатқандай көрінді. Ауру қаусатқан кәрінің қалтылдақ қолы құс мамық төсекке сұлық құлап түскенде, қаһарынан күллі жаһан ыққан әмірші басымен анасының бауырынан көзі ашылмай тұрып ажыраған бала күшіктей абдырап қалған-ды. Содан бері алыс жорықтардан елге оралғанда есіне анасының осы бір сөзі түседі. Сөйтіп, қазіргі Ұлы ханым шынында, бәйбішенің орнына түскен пара бәйбіше еді. Ұлы тұқым ұрпағының бірінің қызы-ды. Бұл бүкіл елді біріктіріп жұлдызы оңынан туып тұрғанда, ата-тегінде ешкім таққа отырып көрмеген ақсүйек те емес, қара сүйек те емес, ала сүйек деп көз аларта беретін жуан тұқымның өзін кіндіктен матап, өз қолында ұстап отыру үшін әдейі үйленгенді. 

Осы үзіндіден қандай ұлттық құндылықты көреміз?

Әміршінің қандай бейнесін көрдіңдер? Өз ойларыңды талдап жазыңдар.

   6. Үй тапсырмасы

Ханша бейнесі мен қызметші кемпір бейнесін ашатын бірнеше эпизодтарды теріп жазып, талдаңдар. Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.
Дескриптор:

  • шығарманың мазмұнын, идеясын түсінгенін көрсетеді;

  • алған білімін жазба жұмысында орынды қолдана алады;

  • кейіпкер бейнесін ашуда мәтіннен мысалдар келтіре отырып,

  • сыни тұрғыдан көзқарасын дәлелді жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет