Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы



Дата30.10.2022
өлшемі66,5 Kb.
#46262
түріСабақ

Ф ПК 705-39-2021
«Политехникалық колледжі» МКҚК


Сабақ жоспары



Сабақ тақырыбы

Бейнелер мен суреттерді түрлендіру

Модуль /пән атауы

КМ 03. Жеке графикалық интерфейс элементтерін құру
ОН 3.1 Графикалық пайдаланушы интерфейс элементтерінің визуалды дизайнын жасау

Дайындаған педагог

Мамырбекова Акбопе Бакбергеновна




1.Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ

2 курс, 128утобы



Сабақ типі

Аралас сабақ

2. Мақсаты мен міндеті:

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдыларының тізбесі

1. Компьютерлік графиканың даму тарихы., компоненттердің қасиеттерін өзгерту, компоненттерге оқиға жазу, оқиғаларды өңдеу жұмыстарын жүргізуді және қолданбаны орындауға жіберу мен бағдарламаны тестілеуді үйрету.
2. Студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту..

4.Қажетті ресурстар

Пән бойынша электронды оқулық, әдістемелік нұсқау, видео-сабақтар

3.3 Техникалық құралдар, (материалдар):

ДК, Интербелсенді тақта

5. Сабақтың барысы



Сабақтың құрылымы



Уақыт

5

10

15

20

25

30

35

40

45

50

55

60

65

70

75

80

85

90























































элементі

























































Қолданылған
КДМ, ТЖ, т.б.




























































элемента



Сабақтың элементтері, оқу сұрақтары, оқытудың
әдіс - тәсілдері



Қосымша, өзгерістер,
ескертпелер



5.1


5.2


5.3



Сабақты ұйымдастыру:
Сабаққа қатысып отырған студенттерді түгендеу, журнал толтыру, студенттердің назарын өзіне аудару


Өткен тақырыптарға шолу:
Компьютерлік графика . Тапсырманы орындағаннан кейін студент электронды жауап парағын желідегі көрсетілген арнайы бумаға жіберу керек.


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бейнелер мен суреттерді түрлендіру



  1. Суреттермен жұмыс істеуге арналған құрылғылар 

  2. Үйдегі фотостудиялық құралдар 

Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, яғни сурет тікбұрышты нүктелер матрицасы түрінде беріледі, әрбір нүктенің берілген түстер жиынтығынан таңдалатын өзінің түсі болады.
Компьютерде графикалық ақпараттарды өз жадысына сақтауға арналған бейнеадаптер болады. Онда әрбір нүктеге жадыдан белгілі бір бит саны бөлінеді. Сонымен қатар бейнеадаптер монитор экранында бейнежадыны секундына 70-100 рет ұдайы көрсете алады.
Негізгі бейнеадаптерлерге:CGA (Color Graphics Adapter 320x200,1982), EGA (Enhancad Graphics Adapter 6400x350,1984), VGA (Video Graphics Array, 640x480), SVGA (Super Graphics Array,800x600 ден 1248x1024 дейін) және т.б. жатады.
Қазіргі кезде экранда 16 млн.түсті беретін VGA және SVGA бейнеадаптерлері кеңінен қолданылады.
Барлық бейнеадаптерлердің негізгі төрт бөлігі болады.

-жүйелік логикалық микросхемалар жинағы(бейнечип); 

-жедел бейнежады (Video RAM)

-цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)



-базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS) 

Жүйелік логикалық микросхемалар жинағы – деректерді жедел бейнежадыға жазып, іс жүзінде экранда ақпараттың бейнелеуін басқарады.
Цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)-жедел бейнежадыдағы ақпаратты оқиды да, оларды цифрлық түрден аналогтық мониторды басқару сигналдарына айналдырып, оны мониторға жібереді. Бұл операция секундына оншақты рет орындалады, ол экранның ауысу жиілігі деп аталады.
Қазіргі кездегі эргономикалық талаптарға сай экранның ауысу жиілігі 85 Герцтен аспауы қажет. Базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS) –енгізу/шығарудың негізгі программалар жиынтығынан тұрады, ол компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырады.
Мониторлар әдетте үш параметр, яғни дюмдегі диаганаль өлшемі, нүктені ажырату қабілеті және герцтегі қайталау жиілігі бойынша жіктеледі.
Монитордың ажырату қабілеттілігі мен қайталану жиілігі бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді.
Графикалық ақпараттармен жұмыс істеген кезде кем дегенде 17 дюмдік мониторды пайдаланған ыңғайлы.Сонымен қатар, монитор кем дегенде 1208х1024 нүктені тануы керек, ал 1600х1200 болса одан да жақсы. Түстің тереңдігі ең аз дегенде 16 бит болуы керек, ал 32 бит болса одан да жақсы. Онда бір мезгілде 64 мың түстен 16 млнға дейінгі түстерді беруге болады. Компьюерде жұмыс істеген кезде көз шаршамас үшін оның алмасу жиілігі 85 Герцтен кем болмауы керек.
Суреттермен жұмыс істеуге арналған компьютерлердің жедел жадысы кем дегенде 128 Мбайт, қатты дискінің көлемі ең аз дегенде 20 Гбайттан кем болмауы керек.
Үйдегі фотостудиялық құрылғылар
Цифрлық фототехниканың және онша қымбат емес түрлі түсті принтерлердің көмегімен әрбір адам өз үйінде компьютерлік фотостудия жасауына болады. Суреттерді компьютерлік сыртқы тасымалдаушыларда сақтап қана қоймай, оны өз қалауы бойынша өңдеуіне болады. Ол үшін ең MS Office пакетіне кіретін қарапайым Photo Editor атты программаны қолдана алады. Бұрын түсірілген суреттер компьютерге сканердің көмегімен енгізіледі. Мысалы Polaroid сияқты арнайы слайд-адаптері бар фотокамерадан суретті бірден компьютерге енгізуге болады. USB арқылы да цифрлық фотокамерадағы суреттерді компьютерге енгізуге болады. Суреттер компьютер жадысында орынды көп алатындықтан оларды сақтау үшін сыйымдылығы көп дискілер керек. Сондықтан да оны компакт-дискілерде сақтаған дұрыс. Сонымен қатар ақпаратты магниттік лентаға жазып, сақтауға арналған құрылғы стриммерлерде сақтауға болады.
Тек ғана жазуға арналған дискілер (CD-R) мен бірнеше рет жазып-өшіруге болатын дискілерді (CD-RW) қолдануға болады. Жұмыс істеу жылдамдығына байланысты дисководтар әр түрлі болады: мысалы CD-RW – 52/32/52 – дискіні 52000 жылдамдықпен айналдырады, дискіні 32000 жылдамдықпен жазады, 52000 жылдамдықпен қайта оқиды. 
Бақылау сұрақтары:
1.Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?
2.Векторлық графика деп қандай графиканы айтамыз?
3.Растрліқ графика деп қандай графиканы айтамыз?

https://www.youtube.com/watch?v=PCbHfHqBS2U






6.Сабақ бойынша рефлексия

(оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау)





7. Үйге тапсырма

Бейнелер мен суреттерді түрлендіру туралы оқып келу.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет