-фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыра біледі;
- фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атай алады.
- фосфордың қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіре алады;
Құндылықтарға баулу
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы қоғамдық сананы жаңғыртуда оқушылардың бойында патриоттық сезімді ұялату және Қазақстан Республикасының экономикалық өсуіне кен өндірісінің маңызды роль атқаратындығын түсінетін, өзіндік үлес қосуы үшін өндірісте ғылым мен білімді біріктіру қажеттігін сезінетін тұлға тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс
География, биология, математика, тарих
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Үй тапсырмасын қайталау
Жаңа сабақ
Сәлемдесу;
1)Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру;(үш тілде сәттілік тілеу-сынып көшбасшысы).
«Kahoot» бағдарламасының көмегімен тест сұрақтары.
Мақсаты: өткен сабақтағы ұғымдар мен анықтамаларды еске түсіру;
Есептерді тексеру. (Жауабын тақтаға шығарып қою арқылы оқушы өзін-өзі тексереді).
44-бет. 1-есеп Жауабы: 45,1г
2-есеп 2,125г
Қ.Б: Өзін -өзі бағалау.
«Болжау» әдісі Жай металдарды алтынға айналдыратын «Философиялық тас» іздеу барысында Гамбурк тұрғыны,ал химик Х.Бранд 1669 жылы алғаш рет зәрдің құрғақ қалдығынан ақ фосфор алды. Алынған зат қараңғыда сәуле шығаратын болғандықтан, ал химик іздеген «философиялық тасты» таптым деп ойлады. Бранд бұдан басқа барлық металдарды алтынға айналдырғысы келді. Бір де ол жаңа рецепті бойынша зертханада жұмыс істейді. Адам зәрін суалтып, оған көмір мен құмды араластырып ауа қатыстырмай қыздырады. Құтының ішінде жылтыраған бір нәрсенің бар екенін көрді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып ақшаға кенеледі. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?