Сабақ жоспары сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары



бет3/5
Дата28.11.2023
өлшемі398,01 Kb.
#131099
түріСабақ
1   2   3   4   5
«Болжау» әдісі тапсырмаларына жауап беріп, өз ойларымен бөлісе отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары
Бүгінгі сабақтың мақсаты:
- фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
-фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
-фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
Бағалау критерийлері
-фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыра біледі;
- фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атай алады.
- фосфордың қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіре алады;

Суреттер
Презентация
Үлестірмелі қағаздар



Сабақтың ортасы
Түсіндіру
Топтық жұмыс



BILIMLAND.KZ сайтынан видео көру. «Фосфордың табиғатта кездесуі»
Топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз».
1.Оқушылар топта оқулықтағы мәтінді оқып шығады. 2.Бір –бірімен ой бөліседі.
3.Жаңа сабақты өздері меңгеріп шығады.


1-топ Фосфордың периодтық жүйедегі орны және фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары. (ПЖ және Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс)
2-топ Фосфордың физикалық қасиеттері және алыну жолдары.
3-топ Химиялық қасиеттері мен қолданылуы, биологиялық маңызы.
4-топ Фосфордың және оның қосылыстары.
«Көзге көрінетін айғақ»әдісі.
Әр топқа суреттер беріледі
Оқушылар суретке қарай отырып,әр топ өз ойларын постерге түсіріп, ортаға салады.


Оқушыларға арналған қосымша мәлімет: «Фосфор»-тіршілік пен ақыл-ой элементі. Фосфор жалбыз , балдыр сияқты өсімдіктерде болады. Әсіресе, балықта көп. «Философиялық тас» аталған, салқын сәулелі, жалынсыз жарық шашқан фосфор элементі о баста денесінен табылып, оның құпиясын алхимиктер білген. 1715 жылы Генсинг есімді алхимик адам миынан, 1769 жылы Ган адам және жануар сүйегінен фосфорды бөліп алған. Орташа салмағы 70 кг ересек адамда шамамен 1,5 кн немесе 2,14 пайыз фосфор болады. Оның 600кг сүйекте , бұлшықетте- 35 ми мен жүйке тамырларында 12г. Сол сияқты сүйек пен оның сыртындағы сырлы құрамда да фосфор қосылысы кездеседі. Ол әсіресе, жас сәби мен жасөспірімдерге өте қажет.
Бір тәуліктегі тағам арқылы әрбір адам куніне шамамен 1-1,2 г фосфорды қабылдайды. Ал фосфор органикалық қосылыстың нуклейн, амин-қышқылдарының құрамына еніп, оларда негізгі орын алады. Осы тұста назар аударатын қызықты жай бар. Фосфордың ең көп тараған негізгі-түрі-ак фосфор. Оның улы екені белгілі. Егер бір адамдағы фосфорды бөліп алса , ол 6500 адамды толық уландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет