Сабақ жоспары: Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз



бет11/11
Дата15.10.2023
өлшемі188,5 Kb.
#115252
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
жай сойлем практика тапс (1)

Глоссарий
Жақсыз сөйлемдердің құрамында жақтық мағынаға ие мүше ‑ бастауыш болмайды.Баяндауыштың формасы да нақты жаққа қатысты болып көрінбейді.
Блиц‑тест
1. Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін ...
А/ бастауыш В/ баяндауыш Г/ пысықтауыш Д/ интонация
2. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Аттылар түнделетіп оралды. В/ Шабарман ертеңгі аламанға үміт артып отыр. Г/ Бүгін менің арманымның орындалған күні. Д/ Достықтың куәсі болған ескі жүзік қолды боп кетті.
3.Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А/ Ақша бұлт.В/ Үзілмеген үміт Г/ Абзал азамат Д/ Оқығандар сөйледі.
4.Жақсыз сөйлем құрамында мүше – А( баяндауыш В) бастауыш Г) толықтауыш Д) анықтауыш
5. Баяндауыштың жақтық көрсеткіші – А) тәуелдік жалғауы В) жіктік жалғауы Г) септік жалғау Д) көптік жалғау
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
15-практикалық сабақ. Белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдер. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің қатысына қарай толымды, толымсыз сөйлемдер. Атаулы сөйлем, оның өзіндік ерекшеліктері. Сөз-сөйлем, жасалу жолдары
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Жақты сөйлемнің түрлері.
1.2. Толымды, толымсыз сөйлемдер.
1.3. Атаулы сөйлем.
1.4. Толымды, толымсыз сөйлемдерге тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің қатысы.
1.5. Атаулы сөйлемнің жасалуы.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығының 91‑бетінен конспект жасаңыз.
2.2. Көркем әдебиеттен атаулы сөйлемдердің жұмсалу түріне сай 20‑25 мысал теріңіз.
2.3. Көркем әдебиеттен 100 сөйлемнен тұратын мәтіннен үзінді жазып, синтаксистік талдау жасаңыз. Төменде берілген кестені толтырыңыз.

Толымды сөйлемдер

Толымсыз сөйлемдер

Атаулы сөйлемдер










Глоссарий
Атаулы сөйлем – құрамында бастауыш, баяндауыш болып қатынасқа түскен мүшелер жоқ бір құрамды сөйлем. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады.
Блиц‑тест
1.Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін ...
А/ интонация, контекст. В/ жалғаулықтар Г/ сөйлем Д/ шылаулар
2.Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді неше топқа бөлуге болады?
А/3 В/4 Г/5 Д/ 2
3.Эмоциялы атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Мен Базарғалиға қатты өкпеледім. В/ Күлуін! Г/ Жазғы түн. Д/ Вокзал маңы.
4.Сөгіс, тілек мағынасындағы атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Қарғыс атқыр! Өркенің өссін! В/ Басыңа келсін! Мен сені қарғамаймын. Г/ Шешек шыққыр! Д) Қатты ренжігенде қарғап салды
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет